Бүгін Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі

Қазақстанда 2023 жылғы 1 наурыз күні қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтуде.

«Алғыс айту күні — бұл өткенге тағзым, жер аудару кезінде көрсеткен көмегі үшін барша халыққа рақмет айтылады», — деп жазады жергілікті БАҚ.

Бұл мереке өскелең ұрпақтың бойында толеранттылық, бір-біріне деген құрмет сезімін оятадаы, сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға септігін тигізеді.

Алғыс айту күніне орай түрлі іс-шаралар өткізіліп, оған барлық ұлт өкілдері қатысады. Қазақстандағы мереке флешмобтармен, концерттермен, іс-шаралармен сүйемелденеді. Сондай-ақ, ардагерлермен кездесулер өткізіледі.

ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 1 наурызда Алғыс айту күні болып бекітілді. ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 1 наурызда Алғыс айту күні болып бекітілді. Көктемнің алғашқы күнінде қазақстандықтардың Алғыс айту күнін тойлауы жайдан-жай емес. Бұл күні 1995 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, ол біздің елімізде тұратын барлық этностардың ынтымағының, бірлігі мен достығының символына айналды.

Добавить комментарий