БҰҰ Ауғанстан министрлер кабинетінен әйелдерді шығаруын құптамайтынын мәлімдеді
«БҰҰ әйелдерінің» Ауғанстандағы өкілі Элисон Давидян «бұл тек Ауғанстанға ғана емес, басқа елдерге де қатысты» екенін атап өтті
Ауғанстан үкіметінің құрамынан әйелдердің шығарылуына жол бермеу керек. Бұл туралы сәрсенбі күні Ауғанстандағы «БҰҰ-әйелдер» Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылымының өкілі Элисон Давидян бейнебайланыс форматында өткен брифингте мәлімдеді.
«Халықаралық қоғамдастықтың үкімет құрамына әйелдердің болмағанына келіскені дұрыс емес. Бұл Ауғанстанға ғана емес, басқа елдерге де қатысты», — деді ол.
«Тәліптер (РФ-да тыйым салынған «Талибан» қозғалысының өкілдері — ТАСС еск.) инклюзивті үкімет құрамыз мәлімдеді, енді уәдесін орындайтын уақыт келді. Олар басқаша әрекет жасай алмайды — Ауғанстанда гуманитарлық апат болуы мүмкін. Халықтың жартысы көмекке зәру, халықтың үштен бірі тоя тамақ ішпейді», — деп толықтырды Давидян.
Сейсенбі күні тәліптер жаңа үкімет құрамын жариялады. Оған қозғалыс өкілдері кірді. Министрлер кабинеті мүшелерінің арасында әйелдер жоқ.