БҰҰ Ауғанстанға оралды

Биылғы жылдың тамыз айында Ауғанстаннан кеткен БҰҰ қызметкерлері Кабулға оралды.

Бұл туралы катарлық Al Jazeera телеарнасы хабарлады.

«Бүгін Кабул әуежайына БҰҰ-ға тиесілі екі ұшақ қонды. Бортта өткен айда Ауғанстаннан кеткен дүниежүзілік ұйымның қызметкерлері болды», — дейді телеарна елордалық әуе айлағы әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап.

Радикалдардың өкілдері Ауғанстандағы өкілдіктерін жапқан елдер мен әр түрлі ұйымдарға жұмысын тез арада жалғастыруға шақырып, олардың қызметкерлеріне толық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндеттенді.

 

Добавить комментарий