БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық апатты еңсеру үшін көмектесуге шақырды

Алдағы қыс мезгілі Ауғанстан үшін апатқа айналуы мүмкін. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Ауғанстан аумағындағы гуманитарлық апатқа жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет екенін мәлімдеді.

«Жағдай нашар, сіздер ойлағаннан да нашар. Шын мәнінде, әңгіме әлемдегі ең ауыр гуманитарлық дағдарыс туралы болып отыр», — деді Дэвид Бизли.

Ауғанстанда билік басына «Талибан» келіп, шетелден жеткізілетін көмек тоқтап қалғанына байланысты елдің экономикасы құрдымға ұшырады. Коронавирус пандемиясы және елдегі егістіктің басым бөлігін жойып жіберген қатты құрғақшылық жағдайды ушықтыра түсті.

Фото: БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек қажет деп мәлімдеді.

«Ел халқының 95%-ы тамақ тоя тамақ жемей отыр, 23 млн адам аштан қырылуы мүмкін. Алдағы алты ай апатты болуы мүмкін. Жердегі тозаққа айналады», — деп атап өтті БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы.

Ауғанстанның ауыл тұрғындары дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы аясында БҰҰ ұсынған ұнды алу үшін ұзын-сонар кезекте тұр. Ауғанстандағы миллиондаған адамдар үшін бұл гуманитарлық көмек — қыста аман қалудың жалғыз жолы, бірақ бұл бәріне жетпейді. БҰҰ алдында өзекті мәселе тұр: тамақ таппай отырған ел тұрғындарына көмектесу үшін жеткізілетін азық-түлік көлемін арттыру.

«Әлемдік көшбасшылар мен миллиардерлердің назарына: өзіңіздің кішкентай ұлыңыз немесе қызыңыз болмаса немереңіздің аштан қиналып жатыр деп елестетіңізші. Сіз қарнын тойдыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасайсыз ғой. Күллі әлемнің байлығы — 400 трлн доллар. Егер аштан бір балақай көз жұмса, онда оған бәріміз айыптымыз. Балақайдың қай жерде орналасқаны маңызды емес «, — деді БҰҰ өкілі.

БҰҰ бағалауынша, Ауғанстанға тамақ таппай отырған 23 млн адамды ішінара тамақтандыру үшін ұйымға айына 220 млн доллар қажет.

Добавить комментарий