БҰҰ АҚК-да 11 ел русфофобияны айыптады

Ресейдің Женевадағы өкілдігі БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) 11 елдің өкілдері бірлескен мәлімдеме жасағанын хабарлады.

Ресей, Беларусь, Боливия, Қытай, Эфиопия, Иран, Солтүстік Корея, Мьянма, Никарагуа, Сирия және Венесуэла елдері кейбір мемлекеттердегі русофобияны айыптайтын құжатқа қол қойды.

Аталған мемлекеттер соңғы уақытта бірқатар елдердің билігі орыс және орыс тілді азаматтарға қатысты «кең ауқымды кемсітушілікке» қатысты алаңдаушылық білдірді.

Болып жатқан оқиғалар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын, Нәсілдік кемсітушіліктің барлық формасын жою туралы халықаралық конвенцияны, сондай-ақ елдердің адам құқықтары туралы халықаралық пактілер бойынша міндеттемелерін және адам құқықтарын көтермелеу және қорғау саласындағы басқа да халықаралық шарттарды бұзады.

Құжатқа қол қойған мемлекеттер «бұл истерияны» дереу тоқтатуға және орыс және орыс тілді азаматтарды қудалауға, сондай-ақ адам құқықтары саласындағы міндеттемелерді орындауға қайта оралуға шақырды.

Добавить комментарий