Қазыақстанда әлеуметтік желі заңға қайшы жобаны бірден өшіруге міндеттеледі

Қазақстанда әлеуметтік желілер заңға қайшы контентті өшіруге міндеттеледі. Хабарламада айтылғандай, әлеуметтік желі АҚДМ деректері бойынша контентті дереу өшіретін өкілді тағайындауы тиіс. Көрсетілген құжатты жоюға 24 сағат беріледі.

Мәжіліс екінші оқылымда ҚР кейбір заңнамалық актілеріне бала құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша түзетулер жобасын мақұлдады.

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова заң жобасында интернеттегі заңға қайшы контентке қарсы іс-қимыл тетігін, оның ішінде «онлайн-платформа», «лездік хабарламалар алмасу сервисі» ұғымдарын бекіту арқылы регламенттеу жөніндегі нормалар ұсынылғанын атап өтті.

«Сондай-ақ, олардың Қазақстан аумағында жұмыс істеу ережелері белгіленген. Мәселен, ҚР аумағында орналасқан, орташа есеппен күніне 100 000 астам пайдаланушысы бар шетелдік онлайн-платформаның иесі немесе өзге де заңды өкілі, БАҚ саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл бойынша өзінің заңды өкілін тағайындайды, ол ұйғарымды алғаннан кейін 24 сағат ішінде ҚР заң талаптарын бұзатын ақпаратты жою бойынша шара қабылдауға міндетті», — деді депутат.

Добавить комментарий