
Арқалықтағы балалар үйінің бас дәрігерінің соты аяқталды. Әйелдің азық-түлік пен бензинді ұрлағаны үшін кінәлі деп танылғаны хабарланды.
Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушы төрт жыл ішінде балалар үйінен 3 миллион теңге болатын азық-түлік ұрлап, сонымен қатар шамамен бір миллион блатын бензинді үнемдеген.
Арқалық балалар үйінің директоры өз кінәсін мойындамады, бірақ ол жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді.
«Сот ісін қарау барысында анықталған мән-жайларды ескере отырып, сот оның мүлкін тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте және басқа да ұйымдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 5 жыл бас бостандығынан айырды», — деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы Зәуре Едіқова.
Бұрынғы бас дәрігер жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейтін болады.