Қазақстанда «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің басшысы Кәрім Көкірекбаев ұсталды.
Дереккөздің мәліметінше, «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ директоры Кәрім Көкірекбаев «BAZIS CONSTRUCTION» – «INFR» ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден пара алу кезінде ұсталды.
Поплавский пара бергені үшін жауапкершілікке тартылады ма, жоқ па әзірге хабарланбады. Дегенмен, бұл оқиға «BAZIS CONSTRUCTION» — «INFR.» ЖШС-нің филиалының жұмысына дақ түсіреді.