«Қазпошта» Қазақстанда Mastercard компаниясымен бірлесіп қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша жұмыс істеуге ниетті.
Бейсенбі күні Digital Forum Almaty аясында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Құжатта әлеуметтік жобалар үшін төлем шешімдерін әзірлеу және нарыққа шығару, электрондық коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс көзделеді.
«Біздің Mastercard-пен өзара іс-қимылымыз бірнеше жыл бұрын басталып, жыл өткен сайын ауқымды сипатқа ие болуда. Қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне қуаныштымыз және ынтымақтастығымыздың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Қазпошта дамуының ағымдағы векторы ең озық өнімдер мен сервис стандарттарын инновациялауға және енгізуге бағытталған. Masterсard сияқты жаһандық ойыншымен ынтымақтастық халықтың кең тобына қаржылық қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге, ең озық технологиялар мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді», — деді Әсел Жанасова.
Рафал Трэпка қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытпай, цифрлық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес екенін атап өтті.
Қазақстанда карточкалық төлемдер бойынша банкаралық комиссия төмендетіледі.
«Бүкіл әлем сияқты, біз Қазақстанда да цифрлық экономиканың дамуын одан әрі ынталандыратын озық инновацияларды енгізіп жатырмыз. Қазпоштамен бірлесіп жұмыс істеу көптеген қазақстандыққа инновациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал біздің сараптама мен халықаралық тәжірибеміз әлеуметтік аспектілерді дамытуға, ШОБ-ты цифрландыруға және электрондық коммерцияға қосымша серпін беруге мүмкіндік береді», — деді ол.