ҚазМұнайГаз ұлттық мұнай-газ компаниясының өкілдері Маңғыстау облысының Жетібай ауылында ереуілге шыққан West Oil Software компаниясы жұмысшыларының талаптарына жауап берді. Ереуілге шыққан жұмысшылар ҚМГ мен бірыңғай төлем жүйесіне қосуды, сондай-ақ кәсіпорындағы жабдықтарды жаңартуды талап етті. ҚазМұнайГаз бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде техниканы жаңартуға келісті.
Алайда компания жұмыскерлерді ҚМГ еншілес кәсіпорнының штатына ауыстырудан бас тартты. Ұлттық компания бұл олардың жұмысқа қабылдау кезегін бұзуы мүмкін деп отыр. Осыған байланысты ҚазМұнайГаздың еңбекақы төлеу жүйесін жеке кәсіпорын ретінде West Oil Software қызметкерлерін қосу мүмкін емес.