Азиядан келген мигранттар Минск билігінен баспана сұрап отырған жоқ

Александр Лукашенко Беларусь аумағына Азиядан келген мигранттардан Минскіге баспана беру жайлы бірде-бір өтініш түспегенін айтты.

Бұл туралы айтылған сұхбатты дүйсенбі күні BBC жариялады.

«Бізге Беларусь аумағында қалу туралы бірде-бір өтініш келіп түскен жоқ. Егер заңға сәйкес келіп түсетін болса, сіздерге қарағанда, біз бұл өтінішті жедел қараймыз», — деп мәлімдеді ол.

Лукашенко сондай-ақ Беларусь-Польша шекарасындағы босқындарға қатысты дағдарыстық жағдай 17 қарашада Германия канцлерінің міндетін атқарушы Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезде талқыланғанын атап өтті. «Мен [одан] 2,1 мың адамды (босқындарды) алып кетуін сұрадым. Ол жерде балалар бар, жағдай қорқынышты. Сіз мұның бәрін көріп отырсыз, білемін, алып кетіңіз Ал менде шамамен 5 мың адам қалады. Барлығы шамамен 7 мың адам [Белорусьтегі босқындар]. Мен 5 мың адамды Иракқа, Сирияға, Иранға және Ауғанстанға, келген жеріне қайтару үшін жұмыс істейтін боламын», — деді ол.

Анықтама! ЕО елдері Минскіні дағдарысты әдейі тудырды деп айыптап, санкция салуға шақырды. Беларусь президенті Александр Лукашенко бұл жағдайға соғыстан көз ашпаған Батыс елдерінің өзі кінәлі деп мәлімдеді.

Добавить комментарий