Азия-Тынық мұхит аймағы елдеріне еріктілерді жұмылдыру жылын жариялау туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырылды

Қазақстан өкілі Болат Тілепов VIII Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде АТМӨ елдеріне волонтерлікті жұмылдыруға қолдау көрсетуге шақырды.

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов Халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылы жарияланғанын мәлімдеді.

«Өткен жылы Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Халықаралық еріктілерді жұмылдыру жылын жариялау бастамасын көтерген болатын. Бүгінгі таңда БҰҰДБ-мен оны ілгерілету, БҰҰ-ның тиісті қарарын дайындау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты тұрақты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумына қатысушы елдерден Қазақстанның бастамасын қолдап, «Қайырымды істер» дүниежүзілік идеясын іске асыруды сұраймыз», — деді спикер.

Сондай-ақ, қатысушылардың назарын пандемия әлемнің технологиялық дәуірде өмір сүріп жатқанына қарамастан, адамзаттың қаншалықты осал және өзара тәуелді екенін көрсетіп отырғандығына аударды.

Сөз сөйлеу барысында Болат Тлепов волонтерлердің еліміздің қоғамдық өміріндегі рөлі және Қазақстанда еріктілер қозғалысын дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалып отырған шараларын айтып берді.

Осылайша, ол Қазақстанда «Еріктілер жылы» аясында өткен 2020 жылдың өзінде еріктілер ұйымдары мен топтарының саны үш, тұрақты волонтерлер саны төрт есеге, олардың саны 200 мыңнан астам адам өскенін хабарлады.

«Пандемиямен күрес кезінде еріктілер қозғалысына миллионға жуық қазақстандық қосылып, 1,5 миллионнан астам азаматымызға көмек көрсетілді», — деді ол.

Добавить комментарий