Қазгидромет: Қазақстан бойынша 27 наурызға арналған ауа райы болжамы


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-50897-1679897939-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазгидрометтің мәліметі бойынша, Қазақстан аумағында 27 наурызда антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, тұрақты ауа райы күтіледі.

Алайда, еліміздің батысында және күндіз шығысында атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Сонымен қатар, республикада тұман басады, жел күшейеді.

Дауылды ескерту: 2023 жылғы 27 наурыз

27 наурызда күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі
Түркістан облысының тау асуларында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
2023 жылғы 26 мен 28 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай облысының басым бөлігінде қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және судың жайылуы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін.
2023 жылдың 26 мен 28 наурыз аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның түсіуне байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін.
Мегаполистегі ауа райы болжамы: 2023 жылғы 27 наурыз

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 9-11 градус жылы, түнде минус екі градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 17-19 градус, түнде 5-7 градус.

Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз 22-24 градус, түнде 6-8 градус болады.

Добавить комментарий