Қазатомөнеркәсіптегі ұрлық: Акционерлік қоғам ІІМ хабарламасына қатысты түсініктеме берді

Қазатомөнеркәсіп компанияда құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы жүйелі негізде жұмыс жүргізіледі, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҚР ІІМ ұлттық компания кәсіпорындарынан ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесу туралы хабарламасына қатысты мынаны мәлімдейді.

«Қазатомөнеркәсіп өз қызметінде кез келген құқық бұзушылықтарға ашықтық, айқындық және нөлдік төзімділік қағидаттарын басшылыққа алады. Компанияда құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және оларға қарсы жүйелі негізде жұмыс жүргізіледі», — делінген компанияның хабарламасында.

Компания басшылығы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастыққа ашық және тергеуге қажетті көмек көрсетеді, деп толықтырды «Қазатомөнеркәсіп» өкілі.

ІІМ хабарлағандай, ҚР құқық қорғау органдары Түркістан облысындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтарды ұрлады деген күдікпен бір топ адамды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 197, 287 және 296-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Добавить комментарий