Қазақ тілді мектептерде әлем әдебиеті қазақ тілінде оқытылады

2024 жылы қазақстандық мектептерде — жоғары және орта сыныптарда тағы да мектеп бағдарламасы өзгереді.

Қазақстандағы мектеп бағдарламасының қалай өзгеретіні туралы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева хабарлады.

2024-2025 оқу жылында орта және жоғары сынып оқушыларының білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізіледі. Қазақ тілінде оқытатын 5-11 сыныптарда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері болып бөлінеді, деп хабарлады ҰБА президенті Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде.

«Қазір балалардың қазақ және орыс әдебиетін ғана емес, әлем әдебиетін де білгені өте маңызды. Сондықтан, қазақ тілінде оқитын 5-11 сыныптарда «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні «Орыс тілі» және «Әлем әдебиеті» пәндері болып бөлінеді. Сонымен қатар, әлем әдебиеті қазақ тілінде оқытылады», — деді Мәдина Тыныбаева.

Сонымен қатар, тоғызыншы сыныптан бастап «Георграфия» пәні «География. Қазақстан географиясы» деп аталады. Бұл қазақстандық оқушыларға өз елінің географиясын тереңірек зерттеуге септігін тигізеді, деп есептейді ҰБА басшысы.

Добавить комментарий