Қазақстанның әзірбайжан және армян диаспораларының өкілдері атысты тоқтатуға шақырады

Хабарланғандай, Қазақстан әзірбайжандықтары қауымдастығының төрағасы Әбілфас Хамедов «Луйс» армян мәдени орталығының тең төрағасы Наринэ Микаелянмен Таулы Қарабақтағы жағдай жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қақтығыстың шиеленісуіне қатты алаңдаушылық білдіретіндігі айтылған.

«Қарапайым азаматтардың, оның ішінде қарттардың, әйелдер мен балалардың өмірі, денсаулығы, бейбіт өмірі қауіп төндіргенде, мәселелерді әскери шешудің кез келген түрін қолайсыз деп санаймыз», — делінген хабарламада.

Қазақстандағы әзербайжан және армян диаспораларының өкілдері екі тарапты да келіссөздер үстелінде оқ атуды тоқтатуға және жанжалды саяси реттеуге шақырды.

«Қан төгіліп, адамдар өліп, жанұялар зардап шегуі, үйлердің қирауы дұрыс емес. Эмоция адамдар арасындағы бейбітшілік, ақыл-парасат және игі қатынастарыдан жоғары тұрмауы тиіс. Әзірбайжандар мен Қазақстанның армяндары ондаған жылдар бойы қазақ жерінде бейбіт өмір сүріп келеді. Біз кез келген мәселені өзара келісім бойынша шешуге болатынын және қажет екенін жақсы білеміз. Бізге әлемнің бір бөлігінде қандастарымыздың қаны төгіліп жатқанын білу өте ауыр», — делінген мәлімдемеде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Қазақстанның барлық этникалық топтарының өкілдерін зорлық-зомбылық пен арандатушылықтың кез келген түріне қарсы шығуға және берілмеуге шақырды.

«Біз сәттік эмоцияның бой алдыруына жол бермеуіміз керек. Тек бейбітшілік, жақсылық, өзара сыйластық, бір-бірімізге деген мейірімді көзқарас қазір бәрімізге өте қажет. Бұл жерде болсын, Таулы Қарабақ болсын, барлық жерде біздің этностар бейбіт өмір сүріп жатыр», — деп қорытындылады мәлімдеме авторлары.

27 қыркүйекте Армения мен Әзірбайжан шекарасында ауыр техника мен артиллерияны қолданумен қақтығыс орын алды.

Мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының басшысы Араик Арутюнян соғыс жағдайын енгізіп, 18 жастан асқан ерлерге мобилизациялау жайлы жариялады.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарабақтағы байланыс желісінде әзірбайжан армиясының позициясын атқылауды бастағанын хабарлады. Бейбіт халықтың арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Армения премьер-министрі Никол Пашинян шабуылды Әзірбайжанның әскерилері бастағанын мәлімдеді.

Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабақ үшін қақтығыс 1988 жылы көбі армяндар қоныстанған Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан ССР құрамынан шығатынын хабалағанда басталған еді. Территориалдық тартыс әлі күнге шешілмей келеді.

Добавить комментарий