Қазақстанның жанармай қоры: Автокөлік иелері үшін маңызды ақпарат

Қазақстанда жанармай мен автогаз қанша күнге жетеді.

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстандағы жанармай қорының қазіргі жай-күйі туралы есеп беріп, жанар-жағармай құю бекеттерінде бағаның өсуіне қатысты пікір білдірді.

15 қыркүйек күні ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 205 теңге. АИ-95 мемлекеттік реттеуге жатпайды, сондықтан шекті баға белгіленбеген. Айта кету керек, елімізде жанармай қоры толықтырылмаса, үш аптаға жетеді, қазіргі таңда тапшылық байқалмайды.

«Елдегі АИ-95-тің жалпы қоры (мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарында, жолдағы және импорт) жеткілікті әрі 57 мың тоннаны құрайды, бұл 21 күндік қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қорлар ресурс ұстаушылардың сұранысына және өндіріс көлеміне байланысты толықтырылады», — делінген баспасөз қызметтің хабарламасында.

Сұйытылған мұнай газына келетін болсақ, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Батыс Қазақстан облысы бойынша жеткізу жоспары «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Gas Processing Company» ЖШС кәсіпорындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты төмендейді. Министрлік бұл өңірлердің басым бөлігіне қосымша отын қорын бөліп қойған.

Добавить комментарий