Қазақстанда қызыл аймақтағы өңірлерде катермен серуендеуге тыйым салынды

Қазақстанда қызыл аймақтағы өңірлерде катермен серуендеуге тыйым салынды.

Қазақстанда қызыл аймақтағы өңірлерде серуендеу катерлерінің қызметіне тыйым салынды.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, су көлігінің меншік иелері, құқық қорғау және өзге де уәкілетті органдар:

1) ерекше өкімге дейін қауіптілігі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлердегі теңіздерде, өзендерде, көлдерде, су қоймаларында ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және басқалар) пайдалануға тыйым салуды;

2) су көлігінің меншік иелеріне ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігін пайдалануға тыйым салу бойынша шектеу сипатындағы қабылданған шаралар туралы түсіндіре отырып, карантиндік шаралардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін», — делінген көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің дүйсенбі күні қол қойылған қаулысында.

Ойын-сауық және серуендеу-экскурсиялық іс-шаралар саласында пайдаланылатын су көлігінің (катерлер, кемелер, теплоходтар, паромдар, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және басқалар) меншік иелеріне (заңды және жеке тұлғалар) ерекше өкімге дейін қауіптілігі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде осы су көлігі объектілерін пайдалануды тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Жаңа қаулы күшіне енді.

Добавить комментарий