
Қазақстанда жоспарлы әскери жаттығулар аясында әуе қорғанысы күштері оқу дабылымен көтерілді.
Тексеріске авиациялық базалар мен қамтамасыз ету бөлімдерінің барлық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы тартылды.
Қазақстанның Әуе қорғанысы күштері оқу дабылымен көтерілді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде бақылау тексерісі өтуде. Тексеріс барысында оқу-жауынгерлік тапсырмалар іс жүзінде орындалып, жеке құрамның қысқы оқу кезеңінде жинақтаған білімі, іскерлігі мен машығы бағаланатын болады», — деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Бұл тексеріске авиациялық базалар мен қамтамасыз ету бөлімдерінің барлық ұшу және инженерлік-техникалық құрамы тартылды, майдандық, армиялық және әскери-көлік авиациясының түрлі үлгідегі ұшу аппараттары іске қосылды.