Қазақстанның толық қазақ тіліне көшуі орыс тілді интернет қолданушыларының көңілінен шықпады

Ресей мен Қазақстан ұзақ жылдар бойы әскери, экономикалық, мәдени және басқа да аспектілерде әріптес. Соңғы жылдары Қазақстан ұлттық-патриоттық идеологияға бет бұрды және осыған байланысты тіл мәселесі елімізде өткір тұр. Батыс саясаттанушылардың пікірінше, ҚР билігі мемлекеттің саяси және қоғамдық өмідегі орыс тілінің рөлін әлсіретуге тырысуда.

1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін большевиктер Ресейдегі барлық ұлттардың теңдігін жариялады.

Шетелдің әскери интервенция мен Азамат соғысы кезінде және ол аяқталғаннан кейін бүкіл ел бойынша жаңа билік жүргізген азық-түлікті тәркілеуі ауыл шаруашылығы экономикасына теріс әсерін тигізді. Сонымен қатар, 1920 жылы егін шықпай, жекелеген аумақтар жұт болды, ал келесі, 1921 жылы қатты қуаңшылық орын алды. Бұл әсіресе көшпелі өмір салтын ұстанатын өңірлерге ауыр тиді. Бүкіл ел бойынша 2 млн 300 мыңнан астам адам аштыққа ұшырады. Аштықтан қырылған адам саны өсіп, жағдай өршіп тұрған аймақтарды бас сауғалап кетіп жатты. Қанды оқиға нәтижесінде 1917 және 1920 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан халқы 6 218,3 мың адамнан 4 679 795 адамға дейін, ал 1923 жылы — 3 786 910 адамға дейін азайды. Осылайша, 1920-1923 жылдар аралығында Қазақстан халқының саны 892 885 адамға қысқарды.

Кейінгі жылдары Қазақстанда жаппай көші-қон жалғаса берді. 1922-1925 жылдары Қазақстанның әр түрлі өңірлеріне Ресей мен Украинадан шаруалар ғана емес, қазақ халқы да қоныс аударды. Шығыс Түркістаннан қайтып келген босқындар Жер туралы декретке сәйкес ауылдық жерге қоныстанды. Тек Жетісу облысының өзінде 1920 жылы 10 167 қазақ және қырғыз еңбекшілеріне 123 мың десятина жер қайтарылды, ал бір Зайсан уезіне 1,5 мың отбасы келді.

Көші-қон, өнеркәсіпті дамыту және тың жерлерді игеру нәтижесінде елдегі қазақтардың үлесі үштен бірінен кем болды. Орыстандыру саясаты ресми әрі бүкіл ел бойынша қарқынды жүргізілді. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналды.

Енді ҚР өз ана тілін белсенді түрде көтермелей бастағанда ресейлік БАҚ беттерінде және интернет-кеңістікте Қазақстан аумағында орыс тіліне қысым жасалып жатыр деп жарыса жазып жатыр.

Ресейлік БАҚ-тың бірі Қазақстандағы халықтың көпшілігі орыс тілді болып қалатынын көрсететін «Тілге деген өшпенділік қараңғылыққа әкеп соқтырады» деген мақаласын жариялады. Мақалада Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзі келтірілген.

«Біз үшін бұл бірінші кезектегі міндеттердің бірі — мемлекеттік тілде оқытуды басым ету. Мұнда ешқандай арандатушылық жоқ. Мұнда ешқандай пікірталас болмауы керек, өйткені ол мемлекеттік тіл. Сондықтан біздің еліміздің азаматтары мемлекеттік тілде оқытылуы керек», — деп мақала авторы Білім министрі Асхат Аймағамбетовтің сөзін келтіреді.

Ресей билігі Қазақстандағы орыс тілді халықты мәдени қолдаусыз қалдырмайтынын хабарлады. Сөзсіз, елдің қазақ тіліне толық көшуі Қазақстан мен Ресей халқы арасында айтарлықтай алшақтық туғызады, бұл РФ жоспарлаған интеграция үдерістеріне теріс әсер етеді.

Добавить комментарий