Қазақстанның Тайвань бойынша ресми ұстанымы

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан «бір Қытай» қағидатын қолдайды, сондықтан Тайвань ҚХР аумағының ажырамас бөлігі деп санайды деп ресми мәлімдеме жасады.

Оның айтуынша, «Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысын сақтауды қолдайтынын, атап айтқанда, бұл мәселеде БҰҰ Бас ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстанатынын» атап өтті.

«Шетелдердің ресми делегацияларының Тайваньға сапарлары ҚХР Үкіметімен келісілуі тиіс деп ойлаймын», — деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік! 17 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тайваньның егемендігін мойындамайтынын мәлімдеді.

«Егер ұлттың өзін-өзі айқындау құқығы шын мәнінде жүзеге асырылатын болса, онда БҰҰ құрамына кіретін 193 мемлекеттің орнына Жер бетінде 500-ден астам немесе 600 мемлекет пайда болар еді. Демек хаос туындайды. Осы себепті біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз», — деді Тоқаев Журналист Симонянның сауалына жауап ретінде.

Айта кетейік, Тайвань (ресми түрде — Қытай Республикасы) өзін Қытай мемлекетә деп санауды талап етеді. Қазір оны 14 ел мойындайды, негізінен бұл Орталық Америка мемлекеттері және Белиз, Никарагуа, Гаити, Гондурас, Тувалу, Палау, Науру мемлекеттері. АҚШ бұл тізімде жоқ.

Ресми түрде Қытай Республикасы 1911 жылы құрылды, дегенмен іс жүзінде Тайвань аумағында мемлекеттік құрылым 1950 жылдардың басынан бастап пайда болды — Қытайда билік құрған Гоминьданның жақтастары Қытай азаматтық соғысынан кейін қашып, Тайванға келген. Ол кезде АҚШ Тайвандағы үкіметті заңды деп санап, ҚХР-ды мойындамаған.

 

Добавить комментарий