Қазақстанның тағы екі тасжолда көлік қозғалысы шектелді

Қазақстанда қолайсыз ауа райына байланысты екі тасжолда көлік қозғалысы шектелді.

Қызылорда облысында Бәйгекүм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ нақтылағандай, аталған жол учаскелері Самара-Шымкент тас жолына қатысты.

«Жетісу облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, жел, ауа температурасының төмендеуі) “Алматы-Өскемен” тасжолының Жоламан ауылынан Сарқан қаласына дейінгі аралығында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің және жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың қозғалысы шектелді», — делінген хабарламада

Бұған дейін Қызылорда облысындағы тасжолдың 1803-1912 шақырымына шектеу енгізілген болатын — бұл Қызылорда қаласынан Бәйгекум ауылына дейінгі учаске.

Добавить комментарий