Төрт партия сайлауға қатысу үшін ОСК-ға құжаттарды тапсырды. Олар мәжіліс сайлауына қатысуды жоспарлап отыр.
«Ағымдағы жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттар ұсынылды», — делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.
Құжаттарды тапсырғандар:
1.«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
- «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;
-
«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі»;
-
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі.
Еске салайық, мәжіліс пен мәслихаттың кезектен тыс сайлауы 19 наурызда өтеді. 20 қаңтар мен 8 ақпан аралығында мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну жүргізіледі. 18 ақпанда сағат 18.00-де партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталады.