Синоптиктер алдағы үш күнге Қазақстандағы ауа райы туралы ақпарат берді. Болжамдарға сәйкес, 22-24 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым аумағында күн күрт суытып, жаңбыр мен қар жауады.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде аптаның ортасында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы мүмкін».