Қазақстанның отандық нарығы қалай дамып келеді және автокөліктер қайда экспортталып жатыр

Қазір Қазақстанның автокөлік саласы қандай жағдайда, отандық автоөнеркәсіп нарығына пандемия қалай әсер етті және болашақта не күтуге болады, бұл туралы біздің материалдан оқыңыз.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2020 жылы қазақстандықтар 93 мың жаңа автокөлік сатып алды. Автоөнеркәсіптің Қазақстанның ЖІӨ-дегі үлесі 612,8 млрд теңгеге дейін өсті. Жаңа автокөліктер нарығы 24%-ға өсті.

«ҚР-да сатылған әрбір үш автокөліктің екеуі Қазақстанда шығарылды. Пандемияға байланысты туындаған барлық қиындықтарға қарамастан, 2020 жылы Қазақстан өсімді көрсетуді жалғастырды, бұл әлемдегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі. Қазақстан АвтоБизнес Қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметінше, 2020 жылы ресми дилерлер 972 млрд теңгеге 92 989 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық», — делінген хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, биыл автоөндірушілер мен мемлекеттің саланы дамытудағы ұзақ мерзімді мүдделілігін тағы да растады. Автоөнеркәсіп пен Үкіметтің үйлесімді жұмысы инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ұлғайтуға ғана емес, сыртқы нарықтарға экспортты тұрақты дамытуға да мүмкіндік берді. Машина жасау саласы өткен жылмен салыстырғанда ақшалай көрсеткіште 31,7%-дан астам тұрақты өсім көрсетті.

«Өсім автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді шығару, өзге де көлік құралдарын, электр жабдықтарын, машиналар мен жабдықтарды өндіру есебінен болды. 2020 жылы автомобиль жасаудағы өнеркәсіптік өндіріс индексі 2019 жылмен салыстырғанда 152,5%-ды құрады», — деп түсіндірді Индустрия министрлігінде.

Ресми деректерге сәйкес, 2020 жылдың он екі айында Қазақстанда барлық типтегі 77 431 бірлік көлік шығарылды, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткіштен қарағанда 53,2%-ға артық. Автомобиль жасау саласы қызметінің жиынтық нәтижесі ақшалай алғанда арғы жылдың сәйкес көрсеткішінен 70,4 пайыз (612,8 млрд теңге) көп болды.

Жеңіл автомобильдер өндірісі 47%-ға 64 790 көлікке дейін өсті. Жүк техникасын шығару көлемі екі есеге — 8 240 бірлік, ал автобустар 66%-ға өсті (1 801 көлік). Тіркемелер мен жартылай тіркемелерді өндірушілер өз өндірісін екі есеге арттырды (2 196 бірлік).

2020 жылдың басты оқиғалары ретінде Қазақстанда жаңа зауыттар мен өндірістердің іске қосылуын атап өту керек. 2020 жылы Қостанайдың «СарыаркаАвтоПром» зауытында Chevrolet автокөліктерінің өндірісі басталды, олар қысқа уақыт ішінде еліміздегі ең жоғары өсімді көрсетіп, Қазақстанда 2020 жылдың ең танымал брендтерінің қатарына кірді. Сәуір айында Алматыда Hyundai жеңіл автокөліктерінің өндірісі басталды, ал желтоқсан айында Қарағанды облысында Yutong автобустарының өндірісі басталды.

Жалпы 2020 жылы 22 136 Hyundai (+ 39%), 19 434 бірлік Chevrolet және Ravon (+ 217%) және 15 848 Lada (+ 8%) автокөлігі өндірілді. Оның ішінде Kia (4 863 бірлік) және JAC (4 173 бірлік) алғашқы бестікке кірді.

ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, әрбір оныншы автокөлік экспортқа шығарылады

Зауыттардың экспортқа бағдарлануы шығарылатын техниканың жоғары сапасын және оған шетелдік клиенттер тарапынан сенімі бар екенін көрсетеді.

«2020 жылы Қазақстан жақын шетелдерге 8 122 бірлік автокөлік экспорттады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 есе көп (2 629 бірлік). Жалпы, күнтізбелік жылда елден 55,9 млрд теңгеге өндірілетін техниканың 10%-дан астамы экспортталды», — деп нақтылады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстандық көліктерге Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстанда сұраныс жоғары. Бұл елдерде Hyundai, Chevrolet және JAC брендтеріне үлкен қызығушылық танытып отыр.

Ел ішінде сатылған ең танымал автокөліктер Hyundai, Lada және Chevrolet болып табылады.

2020 жылы ең көп сатылған кезең төртінші тоқсанда тіркелді, жылдың соңғы айларында 29 465 автокөлік сатылды, олардың басым бөлігі Hyundai мен Chevrolet-ке тиесілі, бұл 2021 жылға арналған жақсы өсімді көрсетеді.

Жалпы жыл қорытындысы бойынша Hyundai көш бастап тұр, дилерлер 17 856 автокөлік сатқан (өткен жылдың қорытындысы бойынша +20%). Lada әзірге екінші сатыда тұр — өткен жылы 17 453 бірлік (+14%) сатылды. Елге импортталатын автокөліктердің арасында көшбасшы — Toyota, жапон маркасының дилерлері Қазақстанда 10 081 автокөлікті (-29%) сатқан және Бішкекке 596 бірлік сатқан (+ 86%). Наурызда басталған Chevrolet сатылымы жоғары қарқынмен өсіп келеді, тоғыз айдың ішінде 10 029 автокөлік сатылды (+ 1097%).

Ravon бесінші орында, былтыр бұл брендтің 7 137 седаны сатылған. Алтыншы орында Kia — 6 004 авто (+60%). Renault өткізілген 2 599 көлікпен(+0,2%) жетінші орында тұр. Көрсеткіштері өткен жылмен бірдей. Сегізінші орында JAC — 2 519 (+80%). 2020 жылы ең көп сатылған көліктердің ТОП-10: Nissan (2 438 көлік; +3%) және Volkswagen (2 427 көлік; +44%) түйіндеді.

Қазақстандағы премиум-сегментке келетін болсақ, 2020 жылы премиалды брендтер арасындағы сатылым бойынша ТОП-10 Lexus-тың тұрақты көшбасшылығын сақтап келеді, оның үлесіне бұрынғысынша негізгі сатылымдардың 40%-дан астамы тиесілі. Ресми дилерлердің автосалондарында осы маркалы 1 298 автокөлік сатылды.

Екінші орын BMW — 686 бірлік (+13%). Land Rover дилерлері 247 кроссовер мен жол талғамайиын көлікті (+15%) сатқан. Бұдан әрі тізім бойынша: Infiniti (234 көлік; + 48%), Mercedes-Benz (201; + 14%) ,Porsche (116; + 57% ) ,Cadillac (111; + 1%), Audi (81; + 21% ) ,Volvo (50 ; -19%) және Jaguar (35; -35%) көліктері бар.

Ең танымал модель бұрыңғысынша Lexus RX (563 бірлік). Lexus LX (305 бірлік) және BMW X7 229 автокөлігі.

ЖАЛПЫ ҚАБҚ (Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығы) мәліметінше, 2020 жылы автосалондарда премиум автомобильдерін сату 2 пайызға (2019 жылы 3114 көлік болса, 2020 жылы — 3073) төмендеді. Ақшалай алғанда сатылым 26 пайызға, 102,6 млрд теңгеге дейін өсті. Сегменттегі жаңа автомобильдің орташа құны — 33 384 763 теңге.

COVID-19 пандемиясына және ҚР-дың қалалары мен өңірлерде енгізілген карантинге байланысты мамандандырылған ХҚКО-лар 2020 жылдың сәуір айында өз қызметін тоқтатуға немесе шектеуге мәжбүр болды — 3 066 көлік бірлігі ғана есепке қойылды — бұл соңғы 6 жылдың ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Дегенмен, мамыр айында жағдай тұрақтанып, тіркеу қайта жанданды, қыркүйек айында басқа рекорд — 2015-2020 жылдар аралығында көлікті тіркеудің ең көп саны — 145 154 бірлік тіркелді. Өткен жылдың соңына қарай 1 226 721 көлік арнайы ХҚКО-лар арқылы өтті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда -5,3%-ға аз. 2020 жылғы жағдай бизнес пен мемлекетті онлайн-сауданы белсенді енгізуге ынталандырды.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР ІІМ қолдауымен автомобильдерді қысқа мерзім ішінде жеке тұлғалар арасында ғана емес, сонымен қатар дилерлік орталықтарда да онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Сонымен қатар, қызметтерді цифрландыруды одан әрі дамыту жоспарлануда.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелімдердің жалпы саны аясында бастапқы тіркеу үлесі 7,3%-дан 11%-ға дейін өсті. Қазақстанда алғаш рет 135 101 бірлік көлік құралы, оның ішінде Армениядан әкелінген автомобильдерді тіркеу, коммерциялық техникалар мен тіркемелер бар.

Өткен жылдардағыдай, 2020 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар ҚР ІІМ органдарында Toyota (189 815 бірлік), Lada (165 873 бірлік), Mercedes-Benz (82 449 бірлік), Volkswagen (80 802 бірлік), әр жылдары шығарылған Audi (58 289 бірлік) көлігін алтыншы орынға ығыстырған Hyundai (61 407 бірлік) автомобильдері бесінші орынға көтерілді

Сарапшылардың болжамынша, 2021 жылы жаңа автокөліктерді сату 120 мың бірлікке жетеді.

Нарық пен саланың даму перспективаларын талдай отырып, ағымдағы жылы нарықтағы жергілікті автомобильдер үлесінің ұлғаю тренді сақталады. Сонымен қатар, автоөнеркәсіп өндірістік қуатын кеңейтуді, шығарылатын өнімнің экспорты мен оқшаулануын ұлғайтуды жалғастырады.

ҚАБҚ болжамы бойынша 2021 жылы 100-120 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылуы мүмкін.

Добавить комментарий