Қазақстанның оңтүстігінде бала күтуші жарты жыл бойы баққан 2 жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді. Баланың ата-анасы Талғар ауданының 30 жасар тұрғынын бала күтуші ретінде жұмысқа алған.
Сәбиді кезекті рет рет бала күтушінің қарауына қалдырғанда қайғылы оқиға орын алды, кішкентай ұлы қайтыс болды. Содан кейін баланың анасы полицияға жүгінген.
Талғар аудандық полиция басқармасының тергеушісі аудан прокуратурасына екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш жолдады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Қосымша ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.