Қазақстанда екінші деңгейлі банктерге жиналып қалған ресейлік рубльдерді елден әкетуге рұқсат беріледі.
Бұл туралы 15 маусымда ҚР Ұлттық банкі хабарлады.
Шешім Қазақстан Президентінің 14 наурыздағы ҚР қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлығын орындау мақсатында қабылданды. Үкімет қаулысына сәйкес, банктерге 2022 жылғы 15 шілде мен 31 тамыз аралығында 15 маусымға дейін жинақталған қолма-қол ақшаны әкетуге рұқсат беріледі.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.