Қазақстанның кинотеатрларында билет құны қанша тұрады

Қазақстанның әр қаласындағы кинотеатрларда билет қаншадан сатылатынын белгілі болды. Көпшіліктің қалтасы мұндай соманы көтере бермейді.

Ең қымбат билет құны Шымкент (2,6 мың теңге), одан кейін Атырау (2,5 мың теңге) және Ақтөбе (2,1 мың теңге) қалаларына тиесілі. Айта кетерлігі, алдыңғы үштікте Нұр-Сұлтан (1,7 мың теңге) және Алматы (1,4 мың теңге) жоқ.

Түркістан қаласының тұрғындары 800 теңгеге билет сатып ала алады.

Жалпы, 2021 жылғы наурыз айында кинотеатр билеттерінің құны 1,5 мың теңгеге дейін өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 16%-ға артық.

Бұдан бөлек, Қазақстанның тек екі қаласында ғана билет құны төмендеді — Қостанайда (3,5% -ға, 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7% -ға, 1,1 мың теңгеге дейін).

Бәріміз білетіндей, коронавирус пандемиясы киноиндустрияға айтарлықтай соққы берді: 2020 жылы кино және видеоөндіріс саласында қызмет көрсету 37,4%-ға (41 миллиард теңгеге) төмендеді.

Қазақстанда 14 сәуір күні кинотеатрлар, караоке және кейбір қоғамдық тамақтану нысандары кезең-кезеңмен ашылатыны белгілі болды

Добавить комментарий