Қазақстанның кинотеатрлары банкротқа ұшыраудың алдында тұр

Кинотеатрлардың иелері қиын жағдайда қалып отыр. Олардың бизнесі құрдымға кетіп, банкротқа ұшыраудың алдында тұр. Карантиндік шаралардың жеңілдеуіне қарамастан, оларға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмеді.

Қазақстанның кинотеатрлар иелері қауымдастығының хабарлауынша, шығын- 10 миллиард теңгеден 15 миллиард теңгеге дейін. Еліміздегі 92 кинотеатрдың жетеуі жабылды.

Кәсіпкерлер оларға қашан, қаншалықты және не рұқсат етілетінін және қазір болжап отырған екінші толқынды ескере отырып, олардың жұмыс істеуіне рұқсат берілеме деп, нақты түсіндіруді сұрайды.

Қазақстан кинотеатрлар иелері қауымдастығының президенті Мунира ЯгудинаКарантин қазақстандық кино бизнесін бес жылға шегеріп тастады деп мәлімдеді. Бұл ретте залдар неғұрлым ұзақ бос болса, қалпына келу соғұрлым қиындау болады. Көптеген кәсіпкерлер карантиннен кейін ашылмауы мүмкін дейді.

Ягудина атап өткендей, кино бизнесі оңай көрінгенімен, шығынды әрі күрделі. Қауымдастық президентінің айтуынша, кинозалдар кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын. Егер қазан айында кем дегенде бірнеше фильм прокатқа берілсе, бұл олардың кәсібін сақтауға көмектеседі.

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев кинотеатрларды бірқатар ережелер сақталған жағдайда ашуға болатынын мәлімдеді.

Б.Байтанаев атап өткендей, қазір комитет кинотеатрлар жұмысының бірнеше нұсқасын жасап жатыр, олар жақын арада іске асырылуы мүмкін.

«Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алдағы отырысында кинотеатрлардың қызметін қайта іске қосу ұсынылады. Алайда залдарда жүз пайыз толымдылық болмайды. Сонымен қатар, кинотеатрлардың иелері санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтауы тиіс. Біз отырыста ұсынатын боламыз, алайда соңғы шешімді комиссия қабылдайтын болады. Сондай-ақ, қайта жаңғырту туралы шешім қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қабылданатынын атап өткім келеді», — деп атап өтті комитет өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы кинотеатрлар 13 наурыздан бастап жұмысын тоқтатқан болатын. Олар санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда 15 маусымнан бастап қызметін қалпына келтіре алады деп болжанған болатын.

Сонымен қатар, Ресейдің кинотеатрлар иелері қауымдастығы коронавирустың екінші толқынына дайындық аясында жабылуға дайындалуда, деп жазады РБК. Кинотеатрлардың желілік персоналымен қысқа мерзімді келісімшарттар жасалады, онда жаңа карантин және қызметті тоқтата тұру жағдайына ерекше жағдайлар ескеріледі. Сонымен қатар, кинозал иелері жалға берушілермен, бірінші кезекте сауда орталықтарымен келісімдерге мұқият қарайды.

Ресейдің кинотеатрлары кинобарларға арналған өнімдер қорын қалыптастыруға ерекше назар аударады: наурыз айында жабылғаннан кейін жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты қоймалардағы өнімдер мен сусындарды кәдеге жаратуға тура келді.

Бұдан басқа, кинозалдардың меншік иелері күзге дейін кейінге қалдырылған кредиттер бойынша міндеттемелерді төлей бастайды.

Добавить комментарий