Қазақстанның көпвекторлы саясаты салдарынан РФ-мен арада келіспеушілік туындауы мүмкін

Қазір әлемде «гибридті соғыс» деген түсінік пайда болды. Бұл түсінікке мемлекеттер арасындағы дұшпандық әрекеттерді қосуға болады, олар баспа және ақпарат құралдары, кибершабуылдар және т.б. арқылы арандатушы әрекеттерді жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік пропаганданың көмегімен ел үкіметі өзіне жасанды түрде дұшпан немесе одақтасты ойлап тауып, қоғамның пікіріне ықпал ете алады.

«Левада-орталығының» соңғы сауалнамасы бойынша, бүгінде Ресейдің дұшпаны бар екеніне халықтың 83 пайызы күмән келтірмейді. Айта кету керек, қоғамдық пікірді зерттейтін «Левада-орталық» әлемдік аренадағы ең құрметті ұйым болып табылады. Топ 3 дұшпан елдердің қатарына АҚШ, Украина, Ұлыбритания кіреді. РФ аталған елдерді дұшпан деп көретінін бірнеше рет айтқан. Батыст саясаттанушылар бұл тізім әлі де толықтырылуы мүмкін деп санайды.

Сыртқы аренада көпвекторлық саясатты ұстанатын Қазақстан 2018 жылы АҚШ-қа Каспий портын ашты және ЕАЭО-ға мүше елдердің біріне қатысты (әңгіме Беларусь туралы болып отыр) батыс елдері қысым жасағанына байланысты жауап ретінде ЕАЭО-ның қарымта санкцияларын қолдаудан бас тартты. Осыған байланысты ресейлік БАҚ сыни пікірлерді жарыса жазды.

Естеріңізге сала кетейік! Жаздың басында Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин Беларуське қатысты жаңа санкция салатын болса Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың басқа да мүшелері Батысқа қарымта жауап беруге дайын екенін мәлімдеген. Қазақстан СІМ одақтасын қолдаудан бас тартып, «біз ұшақты қондырған жоқпыз» деп мәлімдеп, ақпаратты жоққа шығарды.

Батыс саясаттанушылары Қазақстан мен Ресей арасында ақпараттық соғыс болатынын мәлімдеді.

Добавить комментарий