Павлодарда қоқыста Қазақстанның елтаңбасы табылды. Хабарланғандай, тәртіп бұзушыларға 6 млн теңге айыппұл салынады.
Павлодарлық экологтар құрылыс қоқыстарының арасынан ҚР елтаңбасын тапты. Бұл үшін тәртіп бұзушыларға 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынады, деп хабарлайды Liter.kz Pavlodarnews.kz. сілтеме жасап.
Экологтар қоқыстан саяжайлар мен ҚЭЗ санитарлық аймағының қоқысында екі елтаңбаны тапты. Оқиғаны ақпарат және қоғамдық даму басқармасының, сондай-ақ Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің жұмыс тобы тексеріп шықты. Полицейлер қазір мемлекеттік рәміздерді қорлаған тәртіп бұзушыны іздестіріп жатыр.
Қазақстан Республикасы ҚК 372-бабы «Мемлекеттік рәміздерді қорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Еске салайық, мемлекеттік рәміздерді келесі тәсілдердің бірімен кәдеге жарату керек — 2,5 шаршы см-ден аспайтын бөліктерге күйдіру, балқыту, ұнтақтау, пішінсіз массаға немесе ұнтаққа айналдыру.
Егер адамның іс-әрекеті мемлекеттік рәміздерді қорлау деп танылса, онда істі ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы бойынша қарайды. Тәртіп бұзушыларға 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстары, сағат 600-ге дейін қоғамдық жұмыстарға, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.