Әр өңірдегі халықтың табысы айтарлықтай ерекшеленеді. Соңғы әлеуметтік зерттеулер көрсеткендей, бірқатар өңірлерде халықтың ең төменгі жалақысы 100 мың теңгеге жетпейді.
Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылдың төртінші тоқсанында 125,4 мың теңге болды.
Өңірлер бойынша 2020 жылдың төртінші тоқсанында табыс Түркістан облысында 65,9 мың теңгеден Атырау облысында 230,2 мың теңгеге дейін құбылды.
Жалпы алғанда, жан басына шаққандағы ең төменгі атаулы ақшалай табыс көрсеткіші оңтүстік өңірлерге тиесілі, онда көрсеткіш 100 мың теңгеден аспайды: Түркістан облысынан кейін Шымкент қаласы (79,1 мың тг), Жамбыл (86,5 мың тг), Алматы (90,7 мың тг) және Қызылорда (91,2 мың тг) облыстары. Жан басына шаққандағы ең жоғары атаулы табыс Атырау облысынан басқа, Нұр-Сұлтан (192,9 мың теңге) және Алматы (185 мың теңге) мегаполистерінде тіркелді, — деп атап өтті сарапшылар.
Атырау облысынан басқа, халықтың табысы Шымкент (−3,3%) және Батыс Қазақстан облысында (−5,1%) азайды.
2021 жылы ақпанда халықтың табысы 122,4 мың теңге болды — 2020 жылғы ақпанмен салыстырғанда 11%-ға артық және 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 0,1%-ға ғана көп.