Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму стратегиясы ресми түрде бекітілді

Сенат басшысы осы стратегияға алдағы сессия кезінде Парламенттің жоғарғы палатасының қызметі бағытталатындығын атап өтті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысы Сенат спикерімен Парламенттің жаңа сессиясының ашылуына дайындық мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев жоғарғы палатаның өткен сессиядағы қызметінің негізгі нәтижелері туралы айтып берді.

Сенат Спикері депутаттық корпус саяси реформалар пакетін заң жүзінде толық қамтамасыз еткенін, мұқият пысықтаудан кейін халық денсаулығы, педагог мәртебесі, ардагерлер туралы маңызды заңдар, сондай-ақ пандемия кезінде азаматтар мен бизнесті қолдауға қатысты түзетулер қабылданғанын атап өтті.

«Алдағы сессия барысында Сенат қызметі Қазақстанның дағдарыстан кейінгі даму стратегиясына іске асыруға бағытталатын болады», — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді қалпына келтіруге және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды сапалы және жедел заңнамалық іске асыру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Сенаттың рөлі әрбір заң жобасын мұқият пысықтау, сондай-ақ заңдарды қабылдау кезінде мемлекеттің ұстанымдары мен жалпыұлттық мүдделерін қорғау болып табылады.

Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бастамаларды заңнамалық тұрғыдан бекітудің маңыздылығына назар аударды, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықты жою және халықтың мемлекеттік аппарат жұмысына деген сенімін арттыру болып табылады.

Добавить комментарий