Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауыл мен тұман күтіледі

Ертеңгі ауа райы серуендеуге қолайлы болмайды. ТЖМ ескертуіне сәйкес, бірқатар өңірлерде күн суытып, түнгі аяз болады. Қар, тұман, көктайғақ.

17 қарашада Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Талдықорғанда түнде көктайғақ күтіледі. Дауылды ескерту ықтималдығы 90-95%.

Маңғыстау облысында шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтауда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Дауыл ықтималдығы 85-90%.

Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Дауылды ескерту ықтималдығы 85-90%.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Дауыл ықтималдығы 90-95%.

17-19 қараша күні Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, 17-сі күні күндіз, 18-19 қарашада күні бойы екпіні 25 м/с жетеді. Таразда тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Дауыл ықтималдығы 90-95%.

Добавить комментарий