Ресейде 20 жылдан астам уақыт бойы батысқа қарсы риторика жүйелі түрде құрылды. «Үш апта бұрын басталған Ресейдің Украина аумағындағы арнайы операциясы да ресейлік саяси истеблишменттің аталған риторикасымен байланысты. Кремль өзіне өзіне жау жинап жатыр және Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин барлық батыс мемлекеттерін Ресей Федерациясына қауіп төндіреді деп есептейді», — деп жазады батыс саясаттанушылары.
Мәскеу Украинаны оккупациялау жоспарда жоқ екенін, басты мақсат «Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау» деп мәлімдейді.
«Ресей Украинаның егемендігін бұзып, ел аумағына баса-көктеп кіргеннен кейін Ресеймен тығыз қарым-қатынас орнатқан бірқатар елдер қиын жағдайға тап болды. Мұндай мемлекеттердің арасында Қазақстан да бар. Орталық Азия мемлекетінің үкіметі бірқатар себептерге байланысты Ресеймен қарым-қатынас орнатуға мәжбүр болып отыр», — деп хабарлайды саясаттану саласындағы сарапшылар.
Олардың хабарлауынша, Мәскеуге қарсы жағымсыз пікір білдіретін болса, бұл бірқатар жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін, себебі Ресей Орталық Азия республикасының ең ірі сауда серіктесі болып табылады.
«Ресей көршісіне ауыз толтырып экономикалық қысым көрсете алады. Қазақстан мен Ресей шекарасы әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара болып табылады және қазір Украинада болып жатқан жағдай ҚР үшін белгі болып отыр», — деп мәлімдейді батыс саясаттанушылары.
Қазақстан Ресеймен бірге ЕАЭО және ҰҚШҰ секілді халықаралық ұйымдардың мүшесі. «Аталған ұйымдар аясында Орталық Азия республикасы Мәскеу тарапынан экономикалық қана емес, саяси қысымға да ұшырауы мүмкін», — деп есептейді батыс саясаттанушылары.
Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста бейтараптықты ұстанады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді.
«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Біз тараптардың ешқайсысын қолдамаймыз. Бұл тұрғыда сұрақ туындауы мүмкін емес», — деді ол.
Қазақстан Украина халқына гуманитарлық жүк жөнелтті. Сондай-ақ, Орталық Азия республикасы БҰҰ Бас ассамблеясының Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптайтын Қарарға «жақтап» дауыс бермеді, олар Ресейге ашық қолдау көрсетпеді, еліміз қалыс қалған 35 елдің тізімінде болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы кеңесте әскери қауіпсіздіктің өзекті қатерлерін ескере отырып, Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымы мен құрамын жаңғыртуды тапсырды.
Бұл қадамдар Қазақстанның бейтараптықты сақтап қалатынын және Ресейге қолдау көрсетпеуге тырысатынын көрсетеді. «Орталық Азия елдері үшін ең бастысы Батыспен жақсы қарым-қатынасты сақтап, Ресейден алшақтау керек, өйткені ҚР солтүстіктегі көршісімен қоян-қолтық араласатын болса Ресей және Беларусьтың қатарына қосылады», — деп кеңес береді батыс саясаттанушылары.