Ертең 2022 жылғы 16 қазанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады деп күтілуде.
«Қазгидромет» хабарлағандай: “Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Мегаполистердегі ауа райы
Астана: көшпелі бұлт шығады, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 жылы болады.
Алматы: көшпелі бұлтты болады, кешкісін жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 16-18 жылы болады.
Шымкент: көшпелі бұлтты болады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 жылы болады.