Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады

Қазақстанда ауа температурасы минустық мәнге дейін төмендейді деп болжануда. Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын айтты.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн суытады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«2-3 қарашада атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі — жауын-шашын (қарға ауысатын жаңбыр), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төмен бұрқасын. 3-4 қарашада оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын болжанады», — делінген дүйсенбі күні жарияяланған 2-4 қарашаға арналған ауа райы болжамында.

Кезеңнің соңында, суық солтүстік-батыс антициклонның енуімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының едәуір төмендеуі күтіледі.

«Солтүстік-батыста түнгі температура -5 -15 аязға дейін, солтүстікте, орталықта, шығыста -10 -20 аязға дейін, оңтүстікте -3 -13 аязға дейін, оңтүстік-шығыста -7-16 аязға дейін төмендейді. Тек Қазақстанның батысында ғана жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады», — деп нақтылады синоптиктер.

Добавить комментарий