Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райының нашарлауы мүмкін.
2023 жылғы 1 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.
Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
«1 ақпанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қаласында 1 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі», — делінген хабарламада.
1 ақпанда Ақтөбе облысының шығысында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады Мұғалжар ауданында екпіні 18 м/с күтіледі.
«2023 жылдың 1 ақпан мен 3 ақпан аралығында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын болжамына, сондай-ақ температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі», — деп ескертті синоптиктер.
Жетісу облысында 1 ақпанда күндіз оңтүстікте, шығыста, таулы аудандарда жауын-шашын, 2-3 ақпанда облыстың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз 3 ақпанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, Алакөл өзендері аумағында оңтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с. 2-3 ақпанда күндіз 2-7 градус жылыға дейін ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
1 ақпанда таулы аудандарда 15-20 м/с, 02-03 ақпанда облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз 02, тәулік бойы 3 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. 01-03 ақпанда күндіз ауа температурасы 5-10 градус жылыға, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 0-5 градус аязға дейін күрт жоғарылауы күтіледі. Таразда 1-2 ақпанда жауын-шашын, 2 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 1-3 ақпанда түнде және таңертен тұман, түнде 2 ақпанда көктайғақ күтіледі. 1-3 ақпанда күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылыға дейін күрт жоғарылауы күтіледі.