Қазақстанның бас санитарлық дәрігері КВИ-ге қарсы вакцинация туралы: «Қолайсыз көріністер тіркелген жоқ»

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігері Ерлан Қиясов коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталғаннан бері азаматтарда қолайсыз көріністер тіркелмегенін хабарлады.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен 83 839 адам егілген.

«22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды. 19 312 адам егілді. Қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Вакцинация барлық өңірлерде жүргізіледі, 628 егу пункті жасақталды. Олардың ішінде қазіргі уақытта 451-і жұмыс істеп тұр. Нысандардың барлығы салқындату тізбегін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген», — деді Қиясов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

«Наурыз айының соңына қарай «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде, ол бірінші сәуірге дейін таратылады», — деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері.

Добавить комментарий