Қазақстанның бас санитарлық дәрігері елге кіру талаптарын өзгерту туралы қаулы шығарды.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері елге кіру талаптарын өзгерту туралы қаулы шығарды.

«Қазақстанға темір жол, теңіз, өзен көлігімен өткізу пункттері арқылы келетін адамдар термобақылаудан, сауалнамадан өтеді және зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар, ол бес тәуліктен аспайтын уақыт өткен COVID-19 тексеру туралы анықтаманы ұсынуға тиіс», — деп мәлімдеді брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Анықтама болмаған жағдайда, оның айтуынша, келген адамдар мемлекеттік шекарадан өту орындарында коронавирусқа зертханалық тексеруден өтеді.

«Оң нәтиже болған жағдайда олар оқшаулау және Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқастарға қойылатын барлық талаптар бойынша толық іс-шарадан өтуі тиіс. Теріс нәтиже болған жағдайда олар шектеусіз журе алатын болады», — деп қосты Қожапова.

Добавить комментарий