Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Ораза айт мерекесіне орай ел мұсылмандарына құттықтау сөз сөйледі.
ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлағандай, Бас мүфти «Айт» сөзі «мерекелеу», «хал сұрасу»,«қуанышқа топталу», «бір-бірін қуанту» деген мағыналарды білдіретінін еске салды.