Қазақстанның Бас мүфтиі кәсіпкерлерді Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға шақырды
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10%-ға дейін арзандатуға шақырды.
Ол кәсіпкерлер халықтың тұрмыс жағдайын ескеріп, осы айда жеңілдіктер жәен бағаны арзандатып, жақсы амалдар жасауға шақырды. Өз кезегінде, наиб муфти Кенжеәлі Қажы Қоңыратбайұлы бұл үндеуді жақтап, кәсіпкерлерді осы бастаманы қолдауға шақырды.