Қазақстанның барлық өңірінде омбудсмен өкілдіктері құрылады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/08/speech-37501-1661879439-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда барлық өңірде омбудсмен өкілдігін құру жоспарлануда.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері жыл соңына дейін еліміз бойынша өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы қазақстандық омбудсмен Эльвира Азимова айтты.

Әзімованың айтуынша, кеңселердің ашылуы өкілге жүгіну процесін жеңілдетеді, бұл әсіресе ауылдық елді-мекендерде тұратындар үшін өзекті.

Сондай-ақ, Эльвира Әзімова ҚР Конституциясына енгізілген жаңа түзетулер, Адам құқықтары мен бостандықтары, Конституциялық соттың рөлі және омбудсмен институтының алдында тұрған міндеттермен бөлісті.

«Биыл жазда өткен республикалық референдумда халықтың 77% — дан астамы конституциялық түзетулерге дауыс берді. Бұл Мемлекет басшысы мен билік органдарына сенім арту деп білемін. Қыркүйек айында Парламент қабылданған конституциялық түзетулерді іске асыру үшін Үкіметтің әзірлеген заң жобаларын қарауға кіріседі. Біз заң жобаларын, соның ішінде Конституциялық Сот туралы, Уәкіл туралы және Прокуратура туралы конституциялық заңдарды талқылауға белсенді қатысуымыз керек. Оларды қабылдау жақын арада жоспарланып отыр», дейді Әзімова.

Омбудсменнің конституциялық мәртебесі еліміздің Ата Заңында алғаш рет бекітілді.

«Азаматтардың құқықтарын қорғауда және қалпына келтіруде Омбудсмен өз қызметінде мемлекеттік органдардан тәуелсіз болуы үшін бұл нормаларды Конституция деңгейінде бекіту туралы шешім қабылданды. «Мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда адамның құқығы мен бостандығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты деген қатаң түсінікті қалыптастыруымыз қажет. Атқарушы мемлекеттік органдар өз міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, Уәкіл жәрдемдесуге және оларды құрметтеу туралы білімді насихаттауға ықпал етуі қажет», — деп баса айтты адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сондай-ақ, омбудсмен қазақстандықтарға бұған дейін мемлекет тарихында Конституциялық сот болғанын, ол 1992-1995 жылдары қызмет атқарғанын еске салды.

«Бұл құрылып жатқан Конституциялық Соттың артықшылығы — Президенттен, Парламент депутаттарынан, Премьер-Министрден басқа, енді бұл сотқа азаматтардың өздері, Омбудсмен (уәкіл) және Бас прокурор өтініш жасай алады. Яғни заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің Конституция нормаларына сәйкестігін конституциялық бақылауды талап ете алатын субъектілер шеңбері едәуір кеңейді» — деп атап өтті Эльвира Әзімова.

Конституциялық соттың құрамына 11 судья кіреді, олардың төртеуін Ел Президенті тағайындайды, қалған үш-үш судьядан Сенат пен Мәжіліс тағайындайды.

«Уәкіл институты мен оның аппаратына мемлекеттік билік пен халық арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл ретте, белсенді әрі қамқор азаматтар, кәсіби заң кеңесшілері, медиаторлар, адвокаттар, үкіметтік емес ұйымдар біздің сенімді серіктестеріміз болып табылады. Мемлекеттік органдар да олардың қатарында. Өйткені олар құқық бұзушылықтарға әкеп соққан өз шешімдерін бойынша жедел шаралар қабылдауы тиіс. Біздің жұмысымыз Конституцияның 1-бабында белгіленген адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең қымбат қазынасы деген мақсатқа сай болуы тиіс», — деп түйіндеді Әзімова.

Добавить комментарий

%d такие блоггеры, как: