Қазақстанның Қарулы Күштеріндегі 400-ден астам әскери бөлімдер мен әскери басқару органдары тексеруден өтеді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-52618-1682071699-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстан Қарулы күштері түрлерінің құрамалары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылықтар, яғни 400-ден аса әскери бөлім, сондай-ақ әскери басқару органдары тексеріледі. Тексеру сәуір айында басталып, бір айға жалғасады. Бақылау тексеруінің мақсаты – 2023 оқу жылындағы қысқы оқу кезеңіндегі жауынгерлік даярлықтың нақты жай-күйін және жауынгерлік даярлық деңгейін бағалау.

Тексерілетін пәндердің қатарына жалпыәскери жарғылар, мемлекеттік-құқықтық, атыс, тактикалық, арнайы, техникалық, дене шынықтыру дайындығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу кіреді. Құрамалар мен бөлімдерде әскери қызметшілердің оқу пәндерінен тапсырған сынақтар мен тесттері ғана бағаланбайды. Оған қосымша әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіріледі, оқу-жаттығу полигондарына шығарылып, онда жауынгерлік атыспен, оның ішінде түнгі тактикалық оқу-жаттығулар да өткізіледі.

Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсатқа сай міндеттерді орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, сондай-ақ командирлердің ұрысты ұйымдастыру және жүргізу барысында бағынысты және берілген бөлімшелерді басқару қабілеті тексеріледі.

Бақылау тексерісі үш кезеңде жүргізіледі. Алғашқы екеуінде Қарулы күштер түрлерінің, әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың құрамалары, әскери бөлімдер, басқару органдары, үшіншісінде – Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштер Бас штабының құрылымдық бөлімшелері тексерілмек.

Мұндай бақылау тексеруі әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге, елдің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге дайындық тиімділігін арттыруға және ден қоюға септігін тигізеді.

Добавить комментарий