Қазақстанның Алжирдегі елшісі тағайындалды

Қазақстанның Алжирдегі дипломатиялық миссиясын Қайрат Қайырбекұлы басқарады. Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.

Добавить комментарий