Ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның ешбір өңірі коронавирус бойынша қызыл аймақта жоқ.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.
«Жасыл» аймақта — қалған барлық өңірлер.
«Қызыл» аймақта қатаң шектеу шаралары енгізіледі. «Сары» аймақта қолданыстағы карантиндік шаралар сақталады және олардың сақталуына бақылау күшейтіледі. Ал «жасыл» аймақта тұрақты жағдай болады, шектеу шаралары әлсіреуі мүмкін.