Еліміздің қай өңірлерінде құрғақшылық пен жауын-шашын тапшылығы болжанып отырғаны хабарланды.
Шілде айында Қазақстанның сегіз облысында құрғақшылық болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі гидрометеорологиялық орталықтың болжамына сілтеме жасап.
Жауын-шашын тапшылығы:
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында,
Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау ауданыдарында,
Алматы облысының Алакөл уданында,
Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында,
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында,
Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында,
Абай облысының Семей қаласы маңайында
Қызылорда облысының басым бөлігінде
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды. Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады.