Қазақстаннан Ауғанстанға 97 млн теңге болатын өсімдік майының ірі партиясын заңсыз алып өтпек болған.
Түркістан облысы бойынша ҚМА департаментінде ЖШС-не қатысты ҚР ҚК-нің 234 бабының 2-ші бөлігі «Экономикалық контрабанда» бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сарыағаш ауданындағы «Капланбек» кеден бекетінде 9 жүк-автокөлік тоқтатылып, тексеру барысында Қазақстан Респуликасынан Ауғаныстан Республикасына отандық өнім-өсімдік майларын алып өтпекші болған. Контрабандалық тауардың жалпы құны 97 млн. тенгеден астам.