Қазақстаннан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды

Бір ай бойы Қазақстаннан картоп пен сәбізді шығаруға шектеу қойылған болатын. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында сыртқа алып кетуге шектеу қойылған болатын.

Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге а.ж. 1 мамырына дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды.

ВАК шешімі негізінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі картоп сыртқа алып кетуге квота белгілейтін тиісті бұйрыққа қол қойды.

 

Добавить комментарий