Қазақстаннан COVID-19 тестілерін шығармақ болды

22 қарашада қазақстандық шекарашылар коронавирустық инфекцияны анықтайтын 1000 тестті елден шығармақ болған әрекеттің жолын кесті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2020 жылғы 22 қарашада шекарашылар Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде коронавирусты (SARSCOV-2 ANTIGEN RAPID TEST KIT) анықтау үшін ҚР-дан 1000 тестті алып кету әрекетінің жолын кесті», — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, КВИ-ды анықтайтын тесттері бар ұсталған жүктің алдын ала құны — 5 074 480 теңге

Аталған оқиға бойынша материалдар Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне берілді. Қазіргі таңда іс бойынша егжей-тегжейлі ақпарат түскен жоқ.

Добавить комментарий